Алматы қаласының жаңа Бас жоспары әзірленді-Болашақты қазір өзгертеміз!
Аумақтарды функционалдық дамыту, көлік қаңқасы және инженерлік желілер құрылысы саласындағы сарапшылар, сондай-ақ Алматы қаласының барлық аудандарының белсенді тұрғындары қатысты.
Қаланың белсенді тұрғындары Бас жоспар аясында Алматы қаласын дамытуға қатысты сұрақтар қойды.
Наурызбай ауданының тұрғындарын бау-бақшадан ЖТҚ-ға ауыстыру, Тастыбұлақ және Таужолы ш/а мектеп салу, магистралды көшелерді тесу, сондай-ақ Тастыбұлақ ш/а. жетпеген учаскелер бойынша сумен жабдықтауды жүргізу туралы сұрақтар қызықтырды.