ҚР Президенті сайлауында дауыс беруді қалай білуге болады?

ҚР Президенті сайлауында дауыс беруді қалай білуге болады?

Қазақстан Президенті сайлауында қайда дауыс беру керектігін қалай білуге болады?

Алматыда дауыс беру учаскелерінің мекенжайы мен нөмірін тексеру үшін тегін Call-орталық іске қосылды. «1315» нөмірі бойынша сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексере аласыз.

Барлық ұялы байланыс операторының абоненті үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталық сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» (open-almaty.kz) қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында (bilimalmaty.kz) сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.

@almaty_sailau2022_bot тelegram bot арқылы да осы қызметті алуға болады.

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.