«Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды

«Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды
Аудандағы №186 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Серік Али Асылұлы 2022 жылы спорттың Муайтай түрінен 51 кг салмақта ересектер арасында ең жас Әлем чемпионы атанып, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанып отыр.
     
2016 жылы алғаш муайтайдан Қазақстан чемпионы атанды.
 
2017 жылы кикбоксингтен республикалық дәрежеде жеңімпаз атанды.
 
2018 жылы спартакиада жеңімпазы және «Кубок Севера» жеңімпазы.
            
2016-2022 жылдар арасында спорттың бірнеше түрінен Қазақстан көлемінде бірнеше дүркін жеңімпаз болды. 2 дүркін Қырғызстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
 
2021 жылы НОМАД ММА спорты  бойынша әлем чемпионы атанды.
    
Қазақстандағы Муайтай спорт түрінен ең жас әлем чемпионына тек сәттілік тілейміз!