Ауданы әкімі "Қалқаман, Алты Алаш" шағынаудандарының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.
Аудан әкімі С.Тоғай ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы қысқаша баяндады.
Кездесу әрі қарай «Сұрақ-Жауап» форматында жалғастырылды.
Коммуналдық және жол инфрақұрылымы, жер учаскелерін сатып алу, жол қозғалысын ұйымдастыру және тағы басқа да проблемалар неғұрлым көп сұралатын және өзекті мәселелер болып табылды.
Қазіргі уақытта жаңадан салынған магистральдық желілерді пайдалану және оларды қолданыстағы су құбырына қосу мәселесі («Ақсай» сүзгі станциясы пайдалануға берілгенге дейін) оң шешілді, бұл Ақжар шағынауданы тұрғындарының жазғы кезеңде сумен жабдықтау проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге жататын бау-бақша бірлестіктеріне қатысты түсініктеме берілді.
Қалқаман шағынауданында биыл Абай даңғылының оңтүстігіне қарай 1500 орындық мектептің құрылысын аяқтау, Қарғалы өзенінен Әшімов көшесіне дейінгі Шаляпин көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын, сондай-ақ Айтматов көшесінен Абай даңғылына дейінгі Әшімов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын, Әшімов көшесінің шығысы мен батысына қарай Абай даңғылындағы екі балалар ойын және спорт алаңын абаттандыру, №157 мектептің батыс бөлігін абаттандыру, Сәбденов көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзені бойында саябақ салу, «Халықтық бюджетке қатысу» бағдарламасы шеңберінде Айбергенов көшесінде балалар ойын және спорт алаңын салу жоспарлануда.
Қалалық мобильділік басқармасының тапсырысы бойынша Жуалы көшесінен Саин көшесіне дейін Райымбек даңғылына, сондай-ақ Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін Әшімов көшесіне дейін күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған.
Сондай-ақ, бірқатар мәселелер нысан орындарына шығып, дереу орындауға қабылданды.
Бұл тәжірибе жыл соңына дейін жалғастырылатын болады.