Аралау кеңесі өткізілді

Аралау кеңесі өткізілді

Қала әкімінің орынбасары М.Б.Әзірбаев Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы С.С. Нұрашевтің, «Timus construction» ЖШС мен «Qazaq stroy» ЖШС құрылыс мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Шұғыла Сити» ТК аула аумақтарын абаттандыру және газбен жабдықтау мәселесі бойынша аралау кеңесін өткізді.

Кеңес барысында мердігер ұйымдарға ақауларды жедел түрде жою және құрылыс - монтаждау жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 25 қарашасында «Шұғыла сити» ТК 24, 25 кешені тұрғындарын көгілдір отымен жабдықтау  үшін пәтерлерге 100% пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету көзделді.