Қоғамдық орындарда дабыл батырмалары орнатылады

Қоғамдық орындарда дабыл батырмалары орнатылады

Алматының қоғамдық орындарында SOS дабыл батырмалары орнатылады.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

«Алматыда адамдар жиналатын орындарда SOS батырмалары орнатылатын болады. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу жарияланатын болады.

Бұл батырмалар арқылы кез келген адам қандай да бір келеңсіз оқиғалар туралы хабарлай алатын болады. Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже береді», - деді Қанат Таймерденов.

Спикердің сөзінше, бірінші кезеңде 30 батырма іске қосылатын болады.

Азаматтар осы құрылғының батырмасын басқан кезде жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланыса алады", - деп түсіндірді бұған дейін Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әрбір білім беру нысанында  да осындай дабыл түймелерін орнатуды ұсынды.