Құтқарушылар алаңының ресми ашылуы

Құтқарушылар алаңының ресми ашылуы

Құтқарушылар алаңының ресми ашылуы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Құтқарушы күніне" орайластырылған.

Алаңға келушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған – көгалдар отырғызылды, жаяу жүргінші жолдары, тақырыптық орындықтар орналастырылған.

Күн сайын Төтенше жағдайға жедел ден қою үшін 200-ден астам адам, 80-нен астам техника және 3 әуе борты кезекшілікке шығуға дайын.

Ағымдағы жылдың 9 айында алматылық құтқарушылар 182 адамның өмірін сақтап қалды, апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 2,7 мың шығу жүзеге асырылды.

Алматы қаласының әкімдігінің «109» құтқару қызметі 700-ден астам адамды құтқарды.