2021 жылғы 5-11 қазан аралығында Алматы қаласы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдыналу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жастарға деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, олардың ықпалынан өздерін қалай қорғау керектігі, экстремистік идеяларды таратса, қандай жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ, жастарға кәмелетке толмағандардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қадағалауынсыз діни ғимараттарға кіруі, қандай қауіптер бар екендігі, заң бұзушылыққа жол берілмеу керектігі туралы еске салынды.
Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.