Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған дәрістер

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған дәрістер

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысы аясында №188 және №187 мектептерінде Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен нарколог-дәрігер С.Кенесбекова жоғарғы сынып оқушыларымен дәрістер өткізді.

Кездесу барысында нарколог-дәрігер баяндама жасап, нашақорлық, маскүнемдік және темекі шегудің салдарын бейнероликтер мен деректі фильмдер көрсету арқылы түсіндірді.