Алматыда құдалық пен туған күндер тоқтатылды

Алматыда құдалық пен туған күндер тоқтатылды

Қалада аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған 40 мониторинг тобы жұмыстарын жалғастыруда. Демалыс күндері тексерушілердің жұмысы күшейтілді.

Мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған КВИ-дің дельта штаммына байланысты ушыға түсуде. Алматыда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 1219 жаңа жағдайы тіркелді. Негізінен, карантиндік шектеулері сақталмаған нысандарда жұқтыру қаупі жалғасуда. Көбінесе карантин шектеулері жұмыс режимі мен келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтамайтын ойын-сауық орындарында анықталады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері бетперде режимін сақтамайды. Сондай-ақ сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты алматылықтар үйлену тойы мен салтанатты іс-шараларды өткізуді жалғастыруда. Демалыс күндері Бостандық ауданының мониторингтік тобы Дулати көшесінің бойында орналасқан 18 мейрамхана мен банкет залын тексерді. Екі мекемеде карантиннің бұзылуы анықталды. Bi Kumis салтанат залында 85 қонақтың қатысуымен құдалық өтті, ал "ҰлыТау" мейрамханасында 45 адамға есептелген туған күн өтті. Той ұйымдастырушылары ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал мекеме иелеріне қатысты Бостандық ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына материалдар жиналды. Тәртіп бұзушылар тізімінде Медеу ауданындағы "Атмосфера" мейрамханасы да бар, онда 24 шілдеге қараған түні 100-ге жуық адам болды.

Наурызбай ауданында "Гранада Холл" мейрамханасында бұзушылық тіркелді, онда салтанатты іс-шараға 100-ден астам адам жиналды. Сол ауданда "Самир" мейрамханасында 100-ге жуық қонақ болды. Алмалы ауданындағы "Кино" кафесінде карантин бұзылды, онда 60 адам болды. 25 шілдеде түн ортасында Медеу ауданының Late night show барында 110-120 адам болған бұзушылық тіркелді. Тәртіп бұзушылардың тізіміне Наурызбай ауданының "Бақ Сарай" мейрамханасы да тіркелді, онда 100 қонақ болды. Сондай-ақ 90 келуші болған "Сұлтан Сарай" мен "Нұр-Ай" мейрамханаларында бұзушылықтар анықталды. Әуезов ауданының мобильді топ өкілдері 24 шілде күні Жетісу-4 шағын ауданындағы "Веселидзе" дәмханасындағы бұзушылықтарды анықтады. Жазғы террассада келушілердің саны 50%-дан асуына байланысты карантин шектеуі бұзылды. Сондай-ақ қызметкерлер келушілерге бетпердесіз қызмет көрсетті. Жалпы, осы жылы карантиндік шараларды бұзған 2767 нысан анықталып, 4798 хаттама толтырылды. Заңды тұлғаларға 167 млн. теңгеден астам сомаға 479 хаттама жасалды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 190 млн теңгеге жуық сомаға 4319 хаттама толтырылды. Карантинді қасақана бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдануда. Жиналған материалдарды санитарлық дәрігерлер қызметін тоқтату үшін соттарға береді. Биылғы жылы барлығы 75 материал беріліп, 65-і бойынша шешім қабылданды. Алматыда КВИ-дің таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб алматылықтарды карантиндік шектеулерді сақтауға, рұқсат етілген жұмыс кестесінен тыс ойын-сауық орындарына бармауға шақырады. Бетперде режимін қатаң сақтап, қоғамдық тамақтану орындары мен үйде де мерекелер ұйымдастырмаған жөн.

Дереккөз – Алматы қаласының әкімдігі @