Құрылыс нысандарын аралау

Құрылыс нысандарын аралау

Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б.Әзірбаев және аудан әкімі С.А.Тоғай жаңа су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын жұмыс сапарымен аралап шықты.

Аралау барысында келесі тапсырмалар берілді:

"Тастыбұлақ" шағын ауданы бойынша салынған коммуникациялардан кейін жолдарды асфальттауға жедел қарқынмен кірісу. Ол үшін тұрғындар 01.07.2021 жылға дейін кәріз желілеріне өз бетінше (өз қаражаты есебінен) қосылу қажет. Жол-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін абоненттік қиюды жүзеге асыру үшін асфальт жамылғысының тұтастығын бұзуға тыйым салынады.

"Ақжар" шағын ауданы бойынша жобаға түзету жүргізіліп, бұрын жобаға кірмеген 5 тұйық көше тұрғындарын жаңа желілерге қосуды қарастыру, сондай-ақ жұмыс күші мен арнайы техника санын арттырып, құрылыс нормалары мен ережелерін қатаң сақтау.❕

"Таужолы" шағын ауданы бойынша қалған 300 п.м. су құбыры және кәріз желілерін салу процесі жеделдетіліп, қысқа мерзімде Досмұхамедов көшесіне 600 м. асфальт төсеу.

"Қарғалы" су дайындау станциясына қатысты сүзгі блогының, таза су резервуарларының және су қабылдағыштың құрылысын аяқтау. Өзендегі су жинау құрылысынан d 500 mm магистральдық су тартқышын салуға кірісу.