"Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауы

"Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауы

Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы» Қаулысын орындау үшін Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1 кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты–өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады. Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар жіберіледі.

Байқауға қатысуға өтінім аудандық комиссияға төмендегідей құжаттармен бірге беріледі:

  • ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәлігінің көшірмесі;

4)ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 

5)балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6)заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың 25 мамырына дейін Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына тапсыру қажет.

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, "Шұғыла" шағынаудан- 347, 413 -бөлме.

Байланыс телефоны:307-45-53, 8747312 3595.