Жер теліміне қатысты ақпарат

Жер теліміне қатысты ақпарат

"Шұғыла" ТК жанындағы жер теліміне қатысты ақпарат

Ауданы-0,03 ГА жер телімі "Timus construction" ЖШС құрылыс мекемесінен сатып алынған және қазіргі таңда жеке меншікте. Бүгінде меншік иесінде құрылыс үшін сәулет-жоспарлау жобасы дайын.

Бұған дейін "Шұғыла" ТК тұрғындарынан әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарын (шаштараз, ателье, фотосалон, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді жөндеу, тігін цехы, химиялық тазалау, адвокат, нотариус, сот орындаушы және т.б қызметтері) салу туралы өтініш түскен болатын.
Сонымен қатар, инвестормен балаларға арналған қосымша білім беру орталығын ұйымдастыру жұмыстары қарастырылуда.

Аталмыш ТК-тұрғынүй кешенінде коммерциялық алаңдардың болмауына және аумақта осындай орталықты ұйымдастыру мүмкіндігінің болмауына орай инвесторға құрылыс кезінде осы фактіні ескеру ұсынылды.
Жобада ойын-сауық орындарының салынбайтынын қосымша хабарлаймыз.