Құрметті "Ақжар" шағынауданы тұрғындары!

Құрметті "Ақжар" шағынауданы тұрғындары!

Құрметті "Ақжар" шағынауданының тұрғындары!

Бүгін "Ақжар" шағынауданының белсенді тұрғындарының бастамасы бойынша мәслихат депутаттары, "Алматы СУ" басшылығы және әкімдік қызметкерлері бірлесіп, су жинақтау құрылғысы орналасқан және селге қарсы бөгеттің құрылысы жүргізіліп жатқан Ақсай шатқалына аралау жұмыстарын жүргізді.

Аралау жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан әкімі С.Ә.Тоғай тұрғындармен кездесу өткізіп, сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.