«Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!» акциясы

«Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!» акциясы

#Repost @alts.kz 
・・・
Алматы қаласында жылу және ыстық сумен жабдықтау үшін коммуналдық кәсіпорындар алдындағы қарыздарын айыппұлсыз өтегісі келетін жылу энергиясын тұтынушылар үшін «Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!» - атты акция іске қосылды.

Өсімпұлдан үнемдеу мүмкіндігінен басқа, бұл мүлікке, сондай-ақ сол төлемеушілердің банктегі есептік шотарына салынған шектеулер мен тыйым салуларды алып тастауға мүмкіндік береді.

Акцияға қатысу үшін ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 31 қазанына дейін берешекті толық төлеп және «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на бірқатар құжаттарды: өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, негізгі қарыздың төленгенін растауды (кассалық чек) мына info@alts.kz электрондық поштаға жібере отырып немесе орналасқан аумақ бойынша ТҚКО-ның (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының) біріне жүгіну арқылы ұсыну қажет.

ТҚКО мекен-жайлары мен байланыс телефондары:

- «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) –  «Аксай-4» ықшам ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-49, е-mail: batys@alts.kz;

- «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) –Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;

- «Шығыс»  ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) –  Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

Сондай-ақ, 341-07-77 нөміріне қоңырау шалып, «АлЖЖ» ЖШС-ның анықтамалық қызметіне хабарласып қарыз туралы ақпарат немесе жылу энергиясы үшін есептеулер бойынша кеңес алуға болады. Қосымша WhatsApp нөмірі әрекет етеді: +7 (701) 027-11-20 (хабарламаларды қабылдау үшін ғана жұмыс істейді).

Берешек төленбеген жағдайда, төлемеушілердің жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыз сомасы сот арқылы өндіріп алынады.