«Жылулық сыйлайық» іс-шарасы

«Жылулық сыйлайық» іс-шарасы

«Жылулық сыйлайық» атты қайырымдылық іс-шарасының аясында Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясы ұжымының жастары ауданның қарт-қариялар тұратын үйлерінің ауласын қардан тазартып, қайырымдылық көмектерін көрсетті.

Сонымен қатар ауданды оданәрі көркейтуге, тазалық сақтауға, өздерінің үлестерін қосып жүрген қызметкерлерге қолдау білдіріп, тәтті тоқаштар мен дәмді бәліштер таратты, ыстық шай ұсынып, жылы лебіздерін білдіріп қайтты.

Аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі