ҚР Тәуелсіздік күні - Ұлттық мемлекеттік мереке

ҚР Тәуелсіздік күні - Ұлттық мемлекеттік мереке

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күн. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.

Бұл күн Ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Жыл сайын Республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де түрлі сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады.

Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор, Ұлттық Төл мереке. 

Баршаңызға 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Ұлттық мерейлі мереке құтты болсын!