
Қауіп төнсе – үнсіз қалмаңыз!
ҚАУІПСІЗДІК КОДЫ: 102–111–150
2026 жылғы 23–25 қыркүйек аралығында елімізде «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» республикалық профилактикалық акциясы өтуде.
Акция аясында Алматы қаласы Наурызбай ауданының Полиция басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кешенді профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар жүргізуде.
Акцияның басты мақсаты – азаматтарға қиын немесе қауіпті жағдайға тап болған кезде қайда және қалай көмек алуға болатынын түсіндіру. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам жалғыз қалмауы керек. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерге дер кезінде жүгіну – өз қауіпсіздігіңізді және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Есте сақтаңыз:
102 – ПОЛИЦИЯ.
Құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық немесе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда полицияға жедел хабарласыңыз.
111 – ҰЛТТЫҚ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ.
Балалар, отбасы мәселелері және қиын жағдайларға байланысты көмек пен кеңес алу үшін.
150 – СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек пен қолдау алу үшін.
Зорлық-зомбылық – отбасының ішкі мәселесі ғана емес, ол заңмен қорғалатын адамның құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе.
Сондықтан зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе өзіңіз қауіпке тап болсаңыз, бейжай қалмаңыз. Көмек сұраудан қорықпаңыз және қажетті жағдайда 102, 111 немесе 150 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.
Үндемеу емес, дер кезінде көмек сұрау – қауіпсіздіктің алғашқы қадамы!