🏥 ҚР Денсаулық сақтау министрі Наурызбай ауданындағы денсаулық сақтау нысандарының даму барысымен танысты

🏥 ҚР Денсаулық сақтау министрі Наурызбай ауданындағы денсаулық сақтау нысандарының даму барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары аясында Наурызбай ауданына келді.

Сапар барысында министр №7 қалалық клиникалық ауруханасын реконструкциялау жұмыстарының барысымен және Шұғыла шағынауданында салынып жатқан бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысымен танысты.

Қазіргі таңда №7 қалалық клиникалық ауруханасын реконструкциялау жұмыстарын 2027 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланған. Ал Шұғыла шағынауданындағы жаңа емхананы 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Сондай-ақ министр Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Ашық диалог барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, тиісті түсіндірмелер алды.