📸 Наурызбай ауданында құрылыс және инфрақұрылым нысандары бойынша баспасөз туры өтті

📸 Наурызбай ауданында құрылыс және инфрақұрылым нысандары бойынша баспасөз туры өтті

Наурызбай ауданында журналистердің қатысуымен баспасөз туры өтті.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне «Қалқаман» тұрғын үй кешені таныстырылып, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ Қалқаман-2 шағынауданындағы тұрғын үйлердің, мектептер мен балабақшалардың, емханалар мен амбулаториялардың құрылысы көрсетілді.

Бұдан кейін журналистер «Ақсай» сүзгілеу станциясының жұмысымен танысты. Қуаттылығы тәулігіне 22 мың текше метр болатын жаңа нысан ауыз суды тазалап, орталықтандырылған жүйеге жеткізеді. Сонымен қатар, аудандағы су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы таныстырылды.

Баспасөз туры аясында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар да көрсетілді. Оның ішінде көшелерді орташа жөндеу, Ақжар шағынауданында жол салу, тротуарлар мен жаңбыр суын бұру жүйелерін жаңғырту жобалары таныстырылды.