Наурызбай ауданында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті ❤️
Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне орай Наурызбай ауданында Нұрғиса Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында қазақтың дәстүрлі күйлері орындалып, ұлттық өнердің рухы дәріптелді. Концерт тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше әсер сыйлады.
