🧹 Наурызбай ауданының тазалығы – ортақ міндетіміз

🧹 Наурызбай ауданының тазалығы – ортақ міндетіміз
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары! ✨

«Алматы Тазалық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Наурызбай ауданы бойынша қалалық және аудандық маңызы бар көшелерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Мекеме көше жуу, аялдамаларды, урналарды тазалау, жаяу жүргіншілер аймақтарын жуып-шаю жұмыстарын атқарады.

Атап айтқанда, Абай даңғылы, Алатау көшесі, Шаляпин көшесі, Әшімов көшесі, Жандосов көшесі және Қонаев көшесінің тазалығына жауап береді.

Егер «Алматы Тазалық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына қатысты ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз болса, +7 747 506 20 30 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.