БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.

Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.

 

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.        

«Ашық есік күні» 2026 жылғы сағат 10:00-ден 15:00-ге  дейін онлайн-форматта өтетінін еске саламыз.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:

10.00-11.00 (орыс тілінде)

Күні мен уақыты: жұма, 26 маусым 2026 жыл. 10:00 | (UTC+05:00) Астана

Вебинар нөмірі:   2515 934 4161

Вебинар құпия сөзі: 10260626

Тіркелуге арналған сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc9696ecb36624deb2539cbb0064c2364

 

12.00-13.00 (қазақ тілінде)

Күні мен уақыты: жұма, 26 маусым 2026 жыл. 12:00 | (UTC+05:00) Астана

Вебинар нөмірі:   2517 315 7122

Вебинар құпия сөзі: 12260626

Тіркелуге арналған сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=maae99a0392ec560d0153ff371adfa79c

 

14.00-15.00 (орыс тілінде)

Күні мен уақыты: жұма, 26 маусым 2026 жыл. 14:00 | (UTC+05:00) Астана

Вебинар нөмірі:   2518 090 5113

Вебинар құпия сөзі: 14260626

Тіркелуге арналған сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m23dfebdd818ed2174d458d52bb413153

 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» қатысуға ниет білдіргендердің барлығын күтеді!