Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылдың 01 маусымнан бастап 2026 жылдың 30 шілдеге дейін Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметінде (құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылдың 23 маусымнан бастап 30 маусымға дейін ақпаратты gos_prav.otd@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз, құпиялылық және анонимділік кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Мәселелер туындаған жағдайда 8-727-338-47-06 телефоны бойынша хабарласу қажет.