
Наурызбай ауданында қараусыз қалған, құрылысы аяқталмаған және қираған нысандарды тексеру бойынша мобильді топтың кезекті көшпелі іс-шарасы өтті.
Мониторинг барысында тұрғындар, оның ішінде кәмелетке толмағандар үшін қауіп төндіретін нысандарға тексеру жүргізілді.
Бұл жұмыс келеңсіз оқиғалардың алдын алу және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның тұрақты бақылауында.