
Наурызбай ауданында Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен мүгедектігі бар азаматтарға инновациялық арбалар табысталды.
Аталған көмек шарасы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Инновациялық арбалар азаматтардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.