Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері дөңгелек үстелде талқыланды !!!

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері дөңгелек үстелде талқыланды !!!
Бүгін Наурызбай ауданының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тиімділігін арттыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қатысуымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, зардап шеккендерге әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қаралды.