Эдельвейс көшесінің тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер кездесу барысында қаралды

Эдельвейс көшесінің тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер кездесу барысында қаралды

Наурызбай ауданының Эдельвейс көшесі тұрғындарының шақыртуымен аталған аумақта кездесу өткіздік.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды. Көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.