
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Айс Ару» қорының ұйымдастыруымен «AVATARIYA» балалар ойын-сауық орталығында 150 балаға арналған мерекелік шара өтті.
Балалар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы әзірленіп, тәтті сый-сияпаттар ұсынылды. Іс-шара қуаныш пен шаттыққа толы атмосферада өтіп, бүлдіршіндерге жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, бақытты балалық шақтың қызығын көре берсін!