Балалар – біздің ең үлкен байлығымыз: Балаларды қорғау күнімен құттықтау !!!

Балалар – біздің ең үлкен байлығымыз: Балаларды қорғау күнімен құттықтау !!!

Құрметті балалар, ата-аналар және аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалар - біздің ең қымбат қазынамыз, еліміздің жарқын болашағы. Әр баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, өз армандарына жетуі - баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінгі мереке сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен ұмытылмас әсер сыйласын. Барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш пен жарқын болашақ тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!