Ақжар шағын ауданында жол инфрақұрылымын ауқымды дамыту жұмыстары жалғасуда 👷🏻‍♂️

Ақжар шағын ауданында жол инфрақұрылымын ауқымды дамыту жұмыстары жалғасуда 👷🏻‍♂️

Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында мердігер ұйым BCS Construction Ақжар шағынауданында жол құрылысы жұмыстарын жүргізуде.

Жоба барысында жаңа жол төсемі салынып, асфальт жабындысы төселіп, су бұру жүйелері ретке келтірілуде және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылуда.

Биыл жалпы ұзындығы 25,3 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланған. Жобаны толық аяқтау 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.