
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Наурызбай ауданында сенбілік өтті
«Қалқаман» сквері аумағында өткен ауқымды сенбілікке 500 адам қатысты. Іс-шараға аудан әкімдігі қызметкерлері, медицина және білім беру ұйымдарының өкілдері, коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысты.
Сенбілік барысында: 50 түп акация ағашы отырғызылды 50 м² гүл егілді 30 м³ қоқыс шығарылды
Тазалық - ортақ жауапкершілік!