«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
 
Құрметті қала тұрғындары!
 
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
 
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
 
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2026 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады.
 
Қосымша ақпарат алу үшін:
8 776 834 14 21 Букенова Алия Турысбековна,
8 705 762 7761 Әбдімүтәліпова Аида Асанәліқызы
Алматы қаласы, Толе би көшесі, №67 мекенжайы бойынша
 
#Otbasym2026 #МерейліОтбасы2026