"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"акциясы

"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"акциясы

Наурызбай ауданы полиция қызметкерлерімен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында аудан аумағында орналасқан «Барлық» базарында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Егер Сізге отбасындағы зорлық-зомбылық туралы хабар түссе немесе Сіз зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, Наурызбай ауданының Полиция Басқармасына мына байланыс нөмірлері арқылы 102, 254-44-62 не Наурызбай ауданы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторына 254-49-48 нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады.

Аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі