
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ауданымызда ерекше патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Ауданның білім беру мекемелеріндегі «Жас сарбаз» жасақтарынан құралған 500-ге жуық оқушының қатысуымен ауқымды флешмоб өтті. Іс-шара барысында жас ұрпақ саптық элементтерді орындап, бірлік пен тәртіптің, елге деген құрметтің үлгісін көрсетті. Аталған флешмобтың басты мақсаты – жастар арасында патриоттық рухты нығайту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау.