Наурызбай ауданында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өтті

Наурызбай ауданында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өтті

Алматы қаласы Наурызбай ауданында прокуратура бастамасымен есірткіге қарсы профилактика мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің аппараты, полиция басқармасы, білім басқармасы және психикалық денсаулық орталығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында аудандағы ағымдағы жағдай талқыланып, есірткі тұтынудың алдын алу, ерте анықтау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бағыттары қаралды. Қорытындысында профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және халық денсаулығын қорғауға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.