Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Наурызбай ауданында «Сақ қорғандары» маңында жалпықалалық сенбілік өтті.
Іс-шараға 3000-ға жуық тұрғын қатысып, аумақты тазалау жұмыстарына белсенді атсалысты. Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, құтқару қызметінің өкілдері, волонтёрлар және аудан жастары қатысты. Жұмыстар барысында 50 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 80 текше метр қоқыс шығарылып, аумақ тазартылды. Мұндай шаралар аудан тазалығын сақтау және тұрғындардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған.