Жауын-шашынға байланысты арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтілді

Жауын-шашынға байланысты арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтілді

Ауданда жауын-шашынға байланысты арық желілері мен су жиналатын учаскелерді тазалау жұмыстары күшейтілді. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.

Өкінішке қарай, арықтардан бөтелкелер мен тұрмыстық қалдықтар анықталуда, бұл судың өтуіне кедергі келтіреді. Құрметті тұрғындар, тазалықты сақтауға шақырамыз.