Тұрғындардың өтініші бойынша мекенжайға шығу ұйымдастырылып, тиісті түсіндірмелер берілді

Тұрғындардың өтініші бойынша мекенжайға шығу ұйымдастырылып, тиісті түсіндірмелер берілді
Азаматтарды қабылдау барысында Қалқаман-10 мекенжайында тұратын тұрғындардан шиеленісті өтініш түсті.
 
Тұрғындар заңсыз құрылысқа қатысты және ПИК қызметіне байланысты мәселелерді көтерді. Жағдайды жан-жақты зерделеу үшін өтініш бойынша нысанға арнайы барып қайттық. Оқиға орнымен танысып, құжаттарды қарап, тиісті түсіндірмелер бердік және құқықтық тұрғыда қандай қадамдар жасау керектігі туралы кеңес беріп, құзыретімізге кіретін мәселелер бойынша көмектестік. Аталған мәселе бойынша тұрғындармен бірге жұмыс жүргізуге келістік. Сонымен қатар, тұрғындар аула аумағын абаттандыру мәселесін де көтерді. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы өз ұсыныстарын жүзеге асыру мүмкіндіктері түсіндірілді. Біз әрқашан ашық диалогқа дайынбыз және заң аясында тұрғындарға қолдау көрсетіп, мәселелерін шешуге көмектесуге әзірміз