
Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің жағалауын жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Жоба аясында Сәбденов көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі 1,4 шақырым аумақ қайта жаңартылуда. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған жолдар абаттандырылып, сыртқы жарықтандыру орнатылады, сондай-ақ балалар және спорт алаңдары қарастырылған. Қазіргі таңда бетондау және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланғанымен, мердігер жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.
Бұл — тұрғындар үшін тағы бір жайлы серуендеу аймағының қалыптасуына бағытталған жоба.