Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің жағалауын реконструкциялау жалғасуда !!!

Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің жағалауын реконструкциялау жалғасуда !!!

Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің жағалауын жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Жоба аясында Сәбденов көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі 1,4 шақырым аумақ қайта жаңартылуда. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған жолдар абаттандырылып, сыртқы жарықтандыру орнатылады, сондай-ақ балалар және спорт алаңдары қарастырылған. Қазіргі таңда бетондау және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланғанымен, мердігер жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.

Бұл — тұрғындар үшін тағы бір жайлы серуендеу аймағының қалыптасуына бағытталған жоба.