Аудан аумағын аралау барысында инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы тексерілді

Аудан аумағын аралау барысында инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы тексерілді

Аудандағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыс қарқыны және ауданның санитарлық жағдайын тексеріп қайттық.

Алғашқы нысан — Строительная көшесі. Бүгіннен бастап мұнда Батыс канализациялық коллектор құрылысына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізілді. Жұмыстар 10 маусымға дейін жалғасады. Келесі кезекте Әшімов көшесін қарадық — мұнда арық жүйесін қайта жаңғырту және тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, іргелес аумақтарды ретке келтіру қолға алынған. Сондай-ақ, Шаляпин көшесіне бардық. Абаттандыру мәселелері талқыланды. Аялдама кешендерінің жағдайы, оларды жаңартып, сырлау қажеттігі, сондай-ақ буферлік аймақтар мен жаяу жүргіншілер кеңістігін жақсарту мәселелері көтерілді. Барлық ескертулер тіркелді. Жұмыстар бақылауда, ескертулерге сай тиісті шаралар қабылданатын болады.