
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Құрметті тұрғындар!
2026 жылғы 27–28 наурыз күндері сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы филиалында оқушыларды іріктеу конкурсының өткізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы Наурызбай ауданының келесі көшелерінде уақытша шектеледі:
• Еңбекші көшесі
• Елибаев көшесі Іс-шараға 2500-ден астам адам (оқушылар мен оларға жауапты тұлғалар) қатысады деп күтілуде.
Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел әрі медициналық қызметтердің жұмысын ұйымдастыру аса маңызды. Тұрғындар мен жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.