
Ушурбакиев көшесі бойынша сенбілік өткізілді
Қыс мезгілінен кейін аумақты ретке келтіру мақсатында Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының коммуналдық қызметтерімен бірлесіп санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа 3 бірлік арнайы техника және 11 жұмысшы жұмылдырылды.
Аумақта тазалау, қоқыс жинау және шығару жұмыстары атқарылды. Барлығы 24 м³ қалдық шығарылды.