
Кеше күндізден бастап Алматы қаласында қар жауды. Қар жауа бастаған сәттен-ақ коммуналдық қызметтер жол-көше желісін тазарту жұмыстарына жедел кірісті. Қазіргі уақытта жұмыстар күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 94 бірлік арнайы техника мен 272 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Алдымен магистраль көшелерде тазалау жұмыстары жүргізіліп, кейін аудандық маңызы бар көшелерде жалғасты.
Тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргінші жолдары мен аялдама кешендері тұрақты бақылауда. Сонымен қатар таулы аумақтардағы қауіпті беткейлерде жағдай ерекше бақылауға алынып, ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қосымша жұмыстар жүргізілуде. Тазалау жұмыстары аудан аумағында үздіксіз жалғасуда.