Ауданда қызметкерлермен алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу өтті

Ауданда қызметкерлермен алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу өтті
Алдағы республикалық референдумға орай қызметкерлермен кездесу өтті.
 
Кездесуде «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Даңқ» және «Құрмет» ордендерінің иегері Бексұлтан Сәрсеков, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов сөз сөйледі. Спикерлер референдумға ұсынылған өзгерістердің мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп, бұл саяси науқанға қатысудың әрбір азамат үшін маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында басты мәселе – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі екені айтылды. Таңдау «қолдаймын» немесе «қарсымын» болсын, ең бастысы – референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіру.
 
Өйткені әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес.