
«Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінде көше жарығын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жоба аясында 450 жаңа жарық бағанасы орнатылып, 4600 метр кабель желісі тартылды. Электрмен жабдықтау жүйесі толық жаңартылды. Қазір монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Жақын күндері кешен аумағы толықтай жарықтандырылады. Қауіпсіз әрі жайлы орта — біздің басты міндетіміз. Жұмыс тұрақты бақылауда.