Наурызбай ауданында «Көктем–2026» оқу-жаттығулары аясында қызметтердің су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді

Наурызбай ауданында «Көктем–2026» оқу-жаттығулары аясында қызметтердің су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді

Республикалық «Көктем–2026» командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Алматы қаласы Наурызбай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы аудан Әкімдігі және өзара іс-қимыл қызметтерімен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді практикалық шаралар өткізді. Алдымен Қарғалы өзенінің Нұрмұхамедов көшесі аралығындағы учаскесінде арнаны тазалау жұмыстары жүргізілді.

Өзен арнасы қоқыстан, мұз қатпарларынан және судың өтуіне кедергі келтіретін бөгеттерден тазартылып, тасқын судың еркін ағуына жағдай жасалды. Оқу-жаттығудың келесі кезеңінде №174 мектеп базасында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау пункті жайылды. Тіркеу, тамақтандыру, уақытша орналастыру тәртібі пысықталды. Мектеп аумағында шатырлар, генераторлар, жылу құралдары және қажетті жабдықтармен қамтылған резервтік контейнердің дайындығы тексерілді. Сонымен қатар оқушылар мен педагогтерге көктемгі кезеңдегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.