
Бүгін ерекше, жүрекке жылу сыйлаған сәтті күн болды — көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды Ауданымыздың 7 анасы «Алтын алқа», ал 24 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Әр марапаттың артында — өлшеусіз еңбек, сабыр мен төзім, ұйқысыз түндер, шексіз махаббат пен рухтың мықтылығы жатыр. Ана болу — күн сайын жасалатын, көзге көріне бермейтін, бірақ елдің ертеңін айқындайтын үлкен ерлік.
Аяулы аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңызға амандық, береке-бірлік пен балалардың қуанышы серік болсын. Балаларыңызбен мақтанып, әрдайым бақытқа бөлене беріңіздер!