
15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл.
Осы атаулы датаға орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында ардагерлер арасында шахмат турнирі өтті. Бұл жай ғана турнир емес. Бұл — құрмет. Бұл — тағзым. Бұл — ұрпақтар сабақтастығы. Ардагерлер зияткерлік сайыста белсенділік танытып, тартысты партиялар арқылы тәжірибе мен төзімділіктің, сабыр мен даналықтың үлгісін көрсетті. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен естелік тартулар табысталды. Ерлік — ұмытылмайды. Тарих — қадірленеді.
Ардагерлерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.